“Cыбайлас жемқорлық- теріс құбылыс”
15.04.2025 18:08:44 330
Қабанбай ауылдық мәдениет үйі №2 “Қуаныш” балабақшасында “Cыбайлас жемқорлық- теріс құбылыс” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың теріс құбылысын түсіндіру және алдын алу болды.
Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы өз пікірлерін білдіріп, ашық әңгіме жүргізілді. Әр адам сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын талқылап, оны болдырмаудың жолдарын қарастырды. Дөңгелек үстелге қатысып бұл мәселеге назар аударып, келешекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/965667?lang=kk