Тоғас батыр атындағы орта мектебіне Абай облысының әкімі келді
15.04.2025 18:08:56 286
Тоғас батыр атындағы орта мектебіне Абай облысының әкімі, Ойшілік ауылының тумасы мектеп түлегі Берік Уәли келді. Абай облысы білім басқармасының басшысының у.м.а Нускенова Асем Хасенқызы да болды. Қарсы алу кезінде биылғы оқу жылында мектеп бітіруші түлектер мен Тоғас батыр атындағы орта мектептің 33- ші түлек арасында сабақтастық орнап, мектеп оқушысы Қасымов Заңғар Берік ағасына арнау өлең тарту етті. Ардагер ұстаз Биғазина Айткамал шәкіртіне құттықтау айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі. Іс сапар барысында мектептің жағдайымен, тыныс - тіршілігімен толық таныс болды. Мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстармен директордың у.м.а Гулнара Аскербековна таныстырды. Барлық пән кабинеттерін аралап, мектепте жүріп жатқан домбыра, қазақша күрес, дзюдо, волейбол, тоғыз құмалақ үйірме жұмыстарымен танысты. Үйірме мүшелері, мектеп оқушылары каникул уақытын тиімді пайдаланып жатқандарын көрсетті.Мектеп кітапханасы, ата –аналарды педагогикалық қолдау орталығының атқарылған жұмыстарын да көрді. Облыс басшысы Берік Уәли өзі түлеп ұшқан мектебін әрқашан қолдайтынын айтып жеткізді. Мектеп ұстаздары, оқушылар, ата – аналар атынан жаңа қызметіне толағай табыс тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/965758?lang=kk