Қала әкімі Ахмирово ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

Қала әкімі Ахмирово ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

15.04.2025 18:09:04 297

Қала әкімі Алмат Акышов Ахмирово ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында құрылыс, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және жарықтандыру мәселелері көтерілді.
Тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің бірі – көше жарығы болды. 2025 жылы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Жаңа жоба аясында қосылу автоматты тарату қалқандарына көшіріліп, олар заманауи қорғаныс және басқару жүйелерімен жабдықталады.

Жол инфрақұрылымы да назардан тыс қалған жоқ. Тұрғындар жол жөндеу жұмыстарының қажеттілігін атап өтті. Қала басшысы жауапты бөлімдерге жол жабындысының жағдайын талдап, жөндеу қажет учаскелерді анықтап, оларды алдағы жылдардағы жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды. Биылдың өзінде кейбір учаскелерде қиыршықтас төсеу жұмыстары жүргізіледі, ал Нұрғалиев көшесіне асфальт төселеді.

Кездесу барысында ауылды абаттандыру және санитарлық жағдайға ерекше назар аударылды. Биыл ауыл тұрғындары үшін екі балалар алаңы салынады, аялдама павильондары орнатылады, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, әкімдік балабақша мен комьюнити орталығының ашылуына ықпал етпек.

Осыған байланысты Алмат Акышов ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі мен оған қарасты ұйымдарға, соның ішінде «Таза Өскемен» ЖШС-ға тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару мен санитарлық жағдайды жақсарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Тұрғындар көтерген барлық мәселелер назарға алынады. Ахмирово ауылының тұрғындарымен кездесулер мұнымен шектелмейді, олар тұрақты түрде өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965789?lang=kk