Алаяқ ақмолалыққа автокөлікті ресейлік есептен қазақстандық есепке қайта ресімдеуге уәде берді, бірақ басқа біреудің көлігін қайта сату арқылы ақшамен қашып кетті
15.04.2025 18:11:11 1758Целиноград ауданының полиция бөліміне Ақмол ауылының 35 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді.
Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылғы 22 желтоқсанда оның танысы автокөлікті ресейлік есептен қазақстандық есепке қайта ресімдеумен көмек көрсетуге уәде берген.
Көмек көрсету сылтауымен қаскүнем ер адамды көлікті айдап келуге және оған 1 миллион 200 мың теңге сомасында ақшалай қаражат беруге көндірді. Алайда, көлік пен ақшаны алғаннан кейін, күдікті басқа біреудің көлігін сатып, байланысқа шығуды тоқтатты.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің, Сәтбаев қаласының 36 жастағы тұрғынының орналасқан жері анықталды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақмола облысының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады: көлік құралдары мен ақшаны бөгде адамдарға қайта ресімдеу немесе басқа да заң қызметтерін көрсету уәделерімен бермеңіз.
Осындай қызметтерді ұсынатын адамдардың құжаттары мен өкілеттіктерін тексеріңіз, жазбаша келісім жасамай мәміле жасауға көнбеңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/966454?lang=kk