Құрметті Қаражал-Жәйрем өңірінің тұрғындары!
15.04.2025 18:12:11 2180Құрметті Қаражал-Жәйрем өңірінің тұрғындары!
2025 жылы 1 лек – сәуір айында, 2 лек – шілде айында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан 400 АЕК (1 572 800 теңге) көлемінде қайтарымсыз грант алу мүмкіндігі қарастырылған.
💼 Грантты алуға құқығы бар әлеуметтік осал топтағы жұмыссыз азаматтар:
1. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
2. Көп балалы отбасылар;
3. Қандастар;
4. Қоныс аударушылар;
5. Мүгедектігі бар адамдар;
6. Мүгедектігі бар баланы асыраушылар;
7. Асыраушысынан айырылған отбасы мүшелері.
📞 Қосымша сұрақтар бойынша Қаражал қаласы Мансап орталығына хабарласыңыздар:
Телефондар: 8 (71032) 26127, 87770489854.
✅ Өз мүмкіндігіңізді пайдаланып, жаңа бастамаларыңызды жүзеге асырыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/press/news/details/966923?lang=kk