Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Техникалық Кеңес
15.04.2025 18:12:19 3199Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 7-ші қазанында қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның басшылары мен мамандарын тыңдау арқылы Техникалық Кеңес өткізілді.
Техникалық Кеңесте жазатайым оқиғалардың сипаттамалары мен өсуі, апаттарды және жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша іс-шараларды жүргізу, 2016 жылға жасақталған техникалық қайта жарақтандыру бойынша ортақ жоспардың орындалуы, сонымен бірге биылғы ерекше тәртіп бойынша тексеру қортындысымен берілген ұйғарымдаманы жою жөніндегі ақпарат туралы есептер тыңдалды. Кеңесте өндірістегі жазатайым оқиғалардың өсуі, техникалық қайта жарақтандыру бойынша ортақ жоспардың уақтылы орындалмауы, сонымен қатар өндірістік бақылау қызметі тарапынан қадағалау деңгейінің төмендігі атап айтылды.
Техникалық Кеңес қортындысы бойынша «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на қауіпті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/press/news/details/17133?lang=kk