2025 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»республикалық конкурсы туралы

2025 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»республикалық конкурсы туралы

15.04.2025 18:13:46 264

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экология және табиғи ресурстар министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес, 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстын өткізілуін ашық деп жариялады.

          Конкурс ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

2.«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».

Халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Бұл номинациялар бойынша құжаттарды мына мекенжайында қабылданады: «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ, Киевская к. 1, 205120 телефоны;

3.«Үздік ұжымдық шарт».

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4.«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» .

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

Бұл номинациялар бойынша құжаттарды мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» К. Либкнехт к., 19, 25-65-83 телефоны.

5.«Экологияға қосқан үлесі үшін».

 Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: ММ «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» РММ «ШҚО бойынша экология департаменті», Потанин көшесі 12, 76-81-98 телефоны.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді (таңдау бойынша бір тілде рұқсат етіледі):

1) өтінім;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады.

Үміткердің есебінде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат.

3) сауалнама.

Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары ұсыну мерзімі – 2025 жылғы1 тамыз. Толық  ақпаратты www.paryz.kz сайтынан табуға болады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/968003?lang=kk