Ұлытау ауданында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды
15.04.2025 18:32:36 1776Ұлытау ауданында жаңа учаскелік полиция пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ішкі істер министрлігінің 2025 жылды "Профилактика жылы" деп жариялауы аясында, бұл жаңа полиция пункті аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Аудандағы қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын күшейту үшін ашылған бұл пункттің маңызы ерекше.
Ашылу салтанатына Полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев, аудан әкімі Аманжол Мырзабеков және аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында сөз алған Қайыркен Әлиев жергілікті полиция қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қорғаудағы зор еңбектеріне алғысын жеткізді. Сонымен қатар, 2025 жыл "Профилактика жылы" деп жариялануы полиция қызметінің негізгі мақсаты – қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Жаңа полиция пункті тек қылмыстың алдын алу үшін ғана емес, аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, олардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарының сапасын арттыру үшін де маңызды рөл атқарады. Ғимарат заманауи техникамен жабдықталған және тұрғындарға ыңғайлы қызмет көрсетуге арналған. Мұнда қылмысқа қатысты жедел ақпарат жинау, құқық бұзушылықтармен күресу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар жүзеге асырылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/968528?lang=kk