Қарағандыда патрульдік полиция қызметкерлері тонау жасаған азаматты ұстады
15.04.2025 18:34:17 1919Қарағандыда патрульдік полиция қызметкерлері тонау жасаған азаматты ұстады
Түнде Қарағанды қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қоңырау түсті. Қоңырау шалған азаматтың айтуынша, белгісіз біреу бірнеше минут бұрын қолындағы ұялы телефонын жұлып әкеткен. 66 жастағы жәбірленуші өзіне келтірілген шығынды 50 мың теңгеге бағалады. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктінің сипаттамасын алып, оны іздеуге кірісті. Жәбірленуші көрсеткен бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғыны ұсталып, оны жәбірленуші таныды. Күдікті мен жәбірленуші тергеу-жедел тобына тапсырылды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/968907?lang=kk