ТЕРРОРИЗМ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП
15.04.2025 18:36:01 55
Шымкент қаласының Терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының бастамасымен 2025 жылғы 27 наурызда қала әкімінің орынбасары С.Құранбек және ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша Департамент бастығы орынбасарының бастамасымен қаладағы Әл-Фараби ауданында орналасқан мемлекеттік және жекеменшік колледждер мен мектептердің басшыларына кәмелет жасқа толмаған балалардың арасында діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бойынша жиналыс өткізді.
Аталған басқосуда «Саналы ұрпақ - ел болашағы», экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық алдын алу және сақтандыру бағыттары, интернет кеңістігіндегі қауіпті түрлі дінді кері бұрмалаушылардың айла-тәсілдері сияқты тақырыптар талқыланды.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы білім беру ұйымдарының басшыларына жастармен әрі қарай жұмыс істеуге, және олардың тәрбиесіне аса назар аударуға шақырды.
Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінді дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/969338?lang=kk