Қазақ күресінен Әлем чемпионаты – мықтылардың додасы

Қазақ күресінен Әлем чемпионаты – мықтылардың додасы

15.04.2025 18:36:05 44

Төл күресіміз әрі брендіміз – қазақ күресі әлемдік деңгейде қарқынды дамып келеді. Соңғы өткен үш Әлем чемпионатының нәтижесі халықаралық бәсекелестіктің артқанын дәлелдейді.

Шетелдік спортшылардың жеңіп алған алтын медальдардың динамикасы:

2019 ж. – мүмкін 9 алтынның 4
2022 ж. – мүмкін 12 алтынның 4
2025 ж. – мүмкін 16 алтынның 5

Қазақ күресі – жаһандық деңгейде танымал спорт түрі

Қазақстандық балуандар жалпыкомандалық есепте көшбасшы болғанымен, шетелдік спортшылар да қалыс қалар емес. Жоғарыда нәтиже соңғы жылдары шетелдік спортшылардың дайындық деңгейінің артқанын және қазақ күресіне деген жаһандық қызығушылықтың өскенін көрсетеді.

Осы үрдіс қазақ күресінің халықаралық деңгейде дамып келе жатқанын дәлелдейді және оның танымалдығын одан әрі арттыру қажеттігін айғақтайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/969350?lang=kk