САРЫАҒАШ: ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРДІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

САРЫАҒАШ: ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРДІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

15.04.2025 18:36:07 66

Түркістан облысында суару маусымына дайындық аясында каналдарды тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы ретте, Сарыағаш ауданында биыл 180 шақырым су арналарын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланған болса,  бүгінде  58 шақырым су арналары механикалық тазалаудан өткізілді. Нәтижесінде, 1900 га егістік жерлерге су беру мүмкіндігі жақсарды. Алдағы уақытта,  бұл бағытта жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

 

Айта кетсек, 2024 жылы 172 шақырым су арналары су шаруашылығы мекемесіне берілген техникалармен тазалаудан өткізілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/969358?lang=kk