Дезинфекция және дератизация бойынша санитариялық ережелерді түсіндіру
15.04.2025 18:36:51 440
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәжіліс залында, «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ - 68 бұйрығына жолаушы тасымалдау және жолаушыларға қызмет көрсету мекеме қызметкерлеріне жылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мамандар жаңа санитариялық қағидалар мен талаптарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, жолаушы тасымалдау кезінде дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын ұйымдастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Жолаушылар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғау, көліктер мен станцияларда тазалықты сақтау, инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қажетті шаралар мен профилактикалық жұмыстар туралы айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/969611?lang=kk