көктемгі кезеңдегі өрт қауіпсіздігі.

көктемгі кезеңдегі өрт қауіпсіздігі.

15.04.2025 18:36:55 22

Федоров ауылдық округі тұрғындарының өртке қарсы қауіпсіздік техникасын сақтауы және елді мекендерде қоқысты жағуға тыйым салу туралы тұрғындарға жеткізу мақсатында адамдар көп жиналатын орындарда жадынамалар орналастырылды.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабына сәйкес қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау мыналарға әкеп соғады:

Жеке тұлғалар үшін-жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл. 3
Лауазымды тұлғалар үшін-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл. 3
Шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін — екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл. 3
Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін-үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл. 3
Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін-бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл.#өртке қарсы қауіпсіздік #Ұзынкөл ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/969626?lang=kk