Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшылығымен спортты дамыту мәселелерін талқылады
15.04.2025 18:37:04 286
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының және Қатар Олимпиада комитетінің вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани, Азия және World Aquatics Олимпиада Кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусаллам, Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тани Абдулрахман Әл-Каууари қатысты.
Халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту, олимпиадалық қозғалысты қолдау және кәсіби әрі бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарымен спортшыларды даярлау және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту, су спорт түрлерін дамытудағы өзара іс-қимылды кеңейту бөлігінде ынтымақтастығының перспективалары қаралды. Спорттық кооперация бұқаралық спортты насихаттауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
@KZgovernment
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/969651?lang=kk