Автокөліктердің өрті және оның себептері

Автокөліктердің өрті және оның себептері

15.04.2025 18:37:11 44

ШҚО ТЖД неліктен көліктер өртенеді және бұл қаншалықты тез болатын туралы айтты. Жыл басынан бері облыста 28 автокөлік өрті болды. Автокөлік — техникалық жағынан күрделі құрылғы болғандықтан, от бірнеше минут ішінде көп мөлшерде орналасқан тораптар мен агрегаттарға, сондай-ақ арнайы жанғыш материалдарға таралады.

«Өрттердің шамамен 90%-ы көліктің электр жабдығы салдарынан болады, мұнда электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алады, ал оқшаулауғыштың сапасы уақыт өте келе температураның ауытқуы, агрессивті сұйықтықтар және басқа да факторлар әсерінен қорғаныс қасиеттерін жоғалтады. Көлікте қосымша электр жабдығын орнату, мысалы, дөңгелектердің дискілерінде немесе көліктің корпусының үстінде арнайы жарықтандыру, әртүрлі антирадарлар және тағы басқа да құрылғылар — бұл да көлікте өрт шығуына себеп болуы мүмкін», — деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.

ШҚО ТЖД азаматтарды автокөліктерді пайдалану кезінде келесі ережелерді сақтауға шақырады:

1. Автокөліктің электр сымдарын және отын жүйелерін мүмкіндігінше жиі тексеріп отырыңыз.

2. Көлікте сәйкес көлемдегі және жарамдылық мерзімі бітпеген өрт сөндіргіш болуы керек, оның қалай қолданылатыны туралы нұсқаулықпен танысып шығыңыз.

3. Егер жолда күйік иісін сезсеңіз, дереу тоқтап, тұтандырғышты өшіріңіз және мүмкін болса, аккумуляторды ажыратыңыз.

4. Өрттің бастапқы кезеңінде өрт сөндіргішті қолдана отырып, оны сөндіруге тырысыңыз.

5. Егер отты сөндіре алмасаңыз, дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз, оқиға орнының нақты мекенжайын хабарлаңыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/969668?lang=kk