АРЫС ҚАЛАСЫНДА 1172 ҮЙДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
15.04.2025 18:37:52 286Қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 адамнан асты. Қаланың 17 секторында 250 бірлік арнайы техниканы тарту арқылы, 197 құрылыс компаниясы жұмыс істейді.
Сондай-ақ, 65 әлеуметтік нысан қалпына келтірілуде, онда 1746 құрылысшы жұмыс істейді.
Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20037?lang=kk