Прокуратура есірткі бизнесіне қарсы

Прокуратура есірткі бизнесіне қарсы

15.04.2025 18:38:01 231

Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткімен ұсталған Қызылорда қаласының тұрғынына қатысты үкім шықты. Ер адам «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызында 2 кг-ден астам марихуана тасымалдаған.

Оны Түркістан станциясында жедел іс-шаралар барысында көлік полициясының қызметкерлері ұстады. Сот оны өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп тапты.

Қабылданған шешім – 8 жыл бас бостандығынан айыру.

Үкім заңды күшіне енді. Көлік прокуратурасы азаматтарды есірткі бизнесіне араласпауға және заң мен тәртіптің бәрінен жоғары екенін есте сақтауға шақырады.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Заңбәрінеортақ

 

 

 Бас көлік прокуратурасы

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/969969?lang=kk