«Торпедо» финалда!
15.04.2025 18:38:13 198
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов команданы Қазақстан чемпионатының финалына шығуымен құттықтады. Ол бұл жетістік – команданың табанды еңбегі, қайсарлығы мен жанкештілігінің нәтижесі екенін атап өтті. «Торпедо» – қаламыздың мақтанышы!
💬«Құрметті «Торпедо» хоккей клубының ойыншылары, жаттықтырушылар құрамы және жанкүйерлер!
Сіздердің жетістіктеріңіз – тек клуб тарихындағы жаңа белес қана емес, сонымен қатар хоккей мен спорттың дамуына қосылған маңызды үлес. «Торпедоның» жеңістері өскелең ұрпаққа жігер береді, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді және Өскемен қаласының елдегі жетекші спорттық орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтады.
Алда басты финалдық кездесу! Осындай рухпен және бірлікпен сіздер өз мақсатыңызға жетіп, Кубокты жеңіп алатындарыңызға сенімдімін! Жеңіс, сәттілік және маусымды табысты аяқтауды тілеймін! Алға, «Торпедо»!»
Айта кетейік, Өскеменде «Торпедо» мен «Хумо» арасындағы жартылай финалдық шешуші кездесуі аяқталды. Жеңіс шайбасын Илья Кляузов соғып, есепті 4:3-ке жеткізді. Осылайша, клубымыз алғаш рет Pro Hokei Ligasy плей-офф финалына жолдама алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/970041?lang=kk