Атыраулық құтқарушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі

Атыраулық құтқарушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі

15.04.2025 18:38:14 33

Қызылқоға ауданында су тасқынын болдырмау мақсатында Атырау облысы ТЖД-дан 40 қызметкер, 7 бірілік техника жұмылдырылып, Ойыл өзені бойында 18 500-ден аса қап қапталып, 2,5 қашықтықта бөгеттер нығайтылды.

Аталған жұмыстарды  абыроймен атқарған Атырау облысы ТЖД 37 қызметкерін, 5 техниканы, 1 жүзу құралын Атырау қаласына шығарып салу рәсімі өтті.

Салтанатты шығарып салу кезінде Департамент бастығы полковник Н. Жаңабаев, Қызылқоға ауданы әкімі Қ. Әзмұханов және Қызылқоға ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы ауданның құрметті азаматы С. Якупов ауыл тұрғындары  атынан төтеншеліктерге алғысын білдіріп сөз сөйледі.

Құтқарушылардың қызметіне құрмет көрсетіліп, аудан әкімінен, Департамент бастығы атынан алғыс хаттар табысталды.

Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастырып, жұмысты нәтижелі жүргізген төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/970044?lang=kk