Әкім халықтың бірқатар сұрағына жауап берді
15.04.2025 18:38:16 253
Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов 18,19,20, Спутник, Рауан ықшамаудандарының және Сейфуллин, Железнодорожная көшелерінің тұрғындарымен кездесті.
Басқосу барысында халық бірқатар сұрақты көтерді. Әкімнің жауаптарына тоқталсақ:
1. Көгілдір отынмен қамту
19,20,Спутник, Арна, Рауан шағынаудандарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Биылға бюджеттен 500 млн.тг. бөлінді. Тапсырыс беруші – Алматы облысы әкімдігінің тиісті басқармасы. Жобаның жалпы құны – 2 млрд. теңгеден астам. Бюджеттен қаржы бөлінгеніне байланысты құрылыс жүреді.
2. Аурухана
Қаладағы жалғыз аурухана 70 мың халыққа қызмет етуде. Жаңа медициналық нысандардың құрылысы Қонаев қаласының Кешенді даму жоспарында қарастырылған, жоспарда бар.
3. «Шошқалы сай» арнасын тазалау
23 наурыз сенбілік өтті. Ертең тағы ұйымдастырылады. Стихиялық қоқыс орнын жасайтындарды анықтау үшін бейнебақылау камераларын орнату мәселесі қарастырылады.
4. 19-шағынауданның жарық және жол мәселесі
Бұған дейін мұнда электр желілері жөндеуден өткен. Мәселе қосымша зерделенеді. Кешенді даму жоспары аясында жаңа жолдар салынады деп күтілуде.
5. Ойын алаңдарын салу
Соңғы үш жылда «Голден сити» ЖШС-мен «Аулаларды абаттандыру» жобасы жүзеге асырылған. Ағымдағы жөндеу бойынша өтінімдер 109 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өңделуде. Биыл демеушілер есебінен және «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңа алаңдар салу жоспарлануда.
6. Жағажайларға қолжетімділік
Әкімдік мамандары тұрғындар мен арнайы техникалардың жағажайларға кедергісіз кіруі қажеттілігі туралы кәсіпкерлерге хат жолдады. Бұл сұрақ кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/970045?lang=kk