КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ
15.04.2025 18:38:30 44Қазақстан Республикасы Президентінің 04.03.2025 жылғы №807 Жарлығына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімі Р. Мыңбаев көпбалалы аналарды құттықтап, арнайы төсбелгілермен марапаттады. Салтанатты марапаттау рәсімінде 1 ана «Алтын алқа», 28 ана «Күміс алқа» иегері атанды.
Жалпы, Әл-Фараби ауданында 6740 көпбалалы ана бар. Оның ішінде 463 ана «Алтын алқа» иегері, 1714 ана «Күміс алқа» иегері атанған.
Еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосқан аналарымызға алғысымыз шексіз. Әрбір дүниеге келген бүлдіршіндерімізге зор денсаулық пен амандық тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/970083?lang=kk