Қазақстан мен Қатар спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытады

Қазақстан мен Қатар спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытады

15.04.2025 18:38:42 264

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) басшысы Геннадий Головкин Қатар ҰОК президенті, ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани және Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусалламмен кездесті. Бұл туралы Ербол Мырзабосынов өзінің әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жазды.

Келіссөз барысында Қазақстан мен Қатар арасындағы спорт және олимпиадалық қозғалыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ World Aquatics ұйымымен бірлесіп елімізде су спорт түрлерін дамыту және осы саладағы шетелдік тәжірибелі мамандарды тарту талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970151?lang=kk