Өнімді бақылау мақсатында сатып алу
15.04.2025 18:38:51 220Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу – мемлекеттік бақылау шеңберінде өнімді тауар түріндегі сатып алу. Бақылау мақсатында сатып алу нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактісін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларымен 528 өнім сынамасы (ҚР – 46, ЕАЭО – 272, басқалары – 210), оның ішінде: ет және ет өнімдері – 41, құс еті және құс өнімдері – 10, балық және балық өнімдері – 10, май және май өнімдері – 24, сүт және сүт өнімдері – 69, кондитерлік өнімдер – 52, ұн және жарма өнімдері – 26, жемістер, көкөністер мен жидектер – 10, шырын өнімдері – 26, алкогольді өнімдер-2, алкогольсіз өнімдер – 12, мамандандырылған азық-түлік өнімдері – 23, ББҚ-4, басқа да азық-түлік өнімдері – 18, темекі өнімдері -3, балаларға арналған ойыншықтар – 85, парфюмерлі-косметикалық өнімдер – 5, тұрмыстық химиялық заттар – 9, адам терісімен жанасатын өнімдер – 51, ЖҚҚ-14, жеке гигиена құралдары – 4.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін 93 өнім сынамасы анықталды (ҚР – 1, ЕАЭО – 23, басқалары – 69). Анықталған сәйкессіздіктер бойынша 17 нысанға өнімді (тауарды) өткізуден алу және кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылды.
Тұтынушылар өнімді (тауарларды) бақылау мақсатында сатып алу кезінде анықталған сәйкес келмейтін өнімдер туралы өзекті ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/1?lang=ru&type=_204 интернет-ресурсында біле алатынын хабарлаймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/970187?lang=kk