Өскеменде өрт сөндірушілер құрғақ шөптің жануын тоқтатты
15.04.2025 18:39:08 220Өскеменде Саламат көшесінде құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 26 адамы жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің келісілген іс-әрекетінің арқасында қатты желге қарамастан, өрттің тұрғын үйлер мен ғимараттарға таралуына жол бермеуге, 1 гектар аумақтағы өртті жоюға мүмкіндік туды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/970381?lang=kk