«Менің сүйікті спортым – Мой любимый спорт»

«Менің сүйікті спортым – Мой любимый спорт»

15.04.2025 18:39:24 77

Челлендж тұжырымдамасы: «Менің сүйікті спортым», «Мой любимый спорт».
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған спорттық-рухани бастама
 
🔺Өту мерзімі: 6 сәуір Халықаралық спорт күні басталып 9-мамырға дейін бір ай көлемінде жалғасады.
 
🔹Мақсаты:
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау және жауынгерлердің ерлігіне тағзым ете отырып, спорт арқылы ұлт денсаулығына үлес қосу.
 
🔹Идея:
Жеңістің 80 жылдығына арналып, әр қатысушы өзінің сүйікті спорт түрін таныстырып, оны не үшін жақсы көретінін айтып, спорттық жаттығу немесе элемент көрсетеді. Челлендж барысында ата-бабаларымыздың қайсарлығы мен батырлығы еске алынып, қазіргі ұрпақтың дені сау, рухы мықты болуы – сол ерліктің жалғасы екені көрсетіледі.
 
🔺Қортынды нәтижесі:
ҚР тұрғындарына Бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, нақты түсінікті қалыптастыру, халықтың қай спорт түрінен бейім екенін бағамдау.
 
🔹Формат:
Қатысушы қысқаша видео түсіреді (1-2 минут)
 
Насихаттау жұмыстары бойынша БАҚ құрладарында челлендждің басталғаны туралы хабарландырулар тарайды.
 
🔹Ұсыныс ретінде: Халықтың қызығушылығын оятын, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау аясында белсенділік танытқан қатысушыларға министрлік тарапынан  «Көп қаралым» «Үздік контент», «Белсенді азамат», «Үздік спорттық өңір», «Ең жас қатысушы», «Ең егде қатысушы» сияқты аталымдар бойынша мерчтер дайындау.
 
🔹Видеода:
🔺Өзін таныстырады
🔺Сүйікті спорт түрін айтады
🔺Қысқа демонстрация көрсетеді
 
Челленджді жалғастыру үшін 2-3 адамға жолдайды
 
🔹Соңында: "Жеңістің 80 жылдығына – құрметпен, Серік Сапиев!"
«Бабаларымыздың жеңісіне тағзым ете отырып, салауатты өмір салтын қолдаймын», «Бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіз аспан астында дені сау ұлттың қалыптасуы» деген сынды ұрандар айтады.
 
🔺Хэштегтер:
#МеніңСүйіктіСпортым
#МойЛюбимыйСпорт
#Жеңістің80Жылдығы
#СпортпенЕрліккеТағзым
 _____

СЦЕНАРИЙ ҮЛГІЛЕРІ:
 
1. Челленджке арналған бейне сценарий үлгісі
[Басталуы]
(Камера алдында күлімдеп тұрып):
– Сәлем, достар! Менің атым – [аты-жөніңіз]. Менің сүйікті спорт түрім – [спорт атауы].
 
[Негізгі бөлім]
– Бұл спортты мен жақсы көрем, себебі ол маған [физикалық/рухани пайдасын айтып кету] көмектеседі.
– [Қысқа жаттығу немесе элемент көрсету – мысалы, доппен жаттығу, жүгіру, күрестің бір әдісі, т.б.]
 
[Қорытынды бөлім]
– Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, спорт арқылы батыр аталарымыздың рухына тағзым етеміз!
– Бұл челленджді мен [Аты 1], [Аты 2], және [Аты 3] достарыма жолдаймын!
– Жеңістің 80 жылдығына – құрметпен, спортпен!
 
2. Пост/Жарияланым мәтіні (Instagram, Facebook, т.б. үшін)
 
> #МеніңСүйіктіСпортым челленджі
 
Жеңістің 80 жылдығына орай, мен өзіме ұнайтын спорт түрімен бөлісіп отырмын – [спорт атауы]!
 
Бұл тек денсаулық кепілі ғана емес, сонымен қатар жеңіске деген жігер мен рухтың белгісі.
 
Батыр бабаларымыз бізге бейбіт өмір сыйлады, ал біз сол бейбіт өмірде салауатты ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз!
 
Челленджді қабылдап, мен оны ары қарай [Аты 1], [Аты 2], [Аты 3] достарыма жолдаймын!
 
#Жеңістің80Жылдығы #МеніңСүйіктіСпортым #СпортпенЕрліккеТағзым
 
3. Челлендж логотипіне/басты баннеріне ұран
 "Спортпен шыңдалған ұрпақ – Ерлікке тағзым!"
немесе
"Батырлық – мұра, спорт – таңдау!"

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/970485?lang=kk