Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

15.04.2025 18:39:26 44

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қызметтік пәтер алған Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлеріне барды.

Толық жөндеуден өткен, жиһазбен және техникамен жабдықталған пәтерлер қызметкерлердің қызмет ету мен тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі ведомстволық бағдарламаның бөлігі болып табылады.

   ТЖМ басшысы өскемендік құтқарушылардың отбасыларын жаңартылған қызметтік пәтерлердегі қоныс тойымен құттықтап, Отанға қызмет етудің қиын, бірақ игі жолын таңдаған құтқарушыларға қамқорлық жасау басшылықтың басымдығы болып қала беретінін атап өтті.

 

  Бұған қоса қызметтік жатақхана аумағында көк шырша көшеттері отырғызылды.

  ТЖМ өз қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын нығайту және оларды қолдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/970489?lang=kk