Өкіл «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «AMANAT Pikir» диалог алаңында «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мен бейімдеу: қазіргі жағдайы мен проблемалары» тақырыбында өткен конференцияға қатысты

Өкіл «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «AMANAT Pikir» диалог алаңында «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мен бейімдеу: қазіргі жағдайы мен проблемалары» тақырыбында өткен конференцияға қатысты

15.04.2025 18:40:16 297

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының жоспарына сай, «AMANAT Pikir» диалог алаңында «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мен бейімдеу: қазіргі жағдайы мен проблемалары» тақырыбында облыстық конференцияға қатысты.

Конференция мақсаты: инклюзивті білім беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және әлеуметтендіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, өзекті сұрақтарды талқылау және тиімді ұсыныстар мен іс шараларды әзірлеу үшін кәсіби алаң құру.

Облыста 10 мыңға жуық бала ерекше білім беруді қажет ететін болса, оларға арналған 26 арнайы білім беру мекемесі жұмыс істейді. Осыған дейін ол мекемелерде жұмыс істейтін мамандар бір ортаға жиналып, өз салаларындағы өзекті мәселелерді талқылаған емес. Бүгін олар алғаш рет «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен бір ортада жиналды.

300-ге жуық педагог мамандар мен шараға ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар да қатысқан іс-шараның секциялық отырыстарында инклюзивті білім беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және әлеуметтендіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтар күн тәртібіне шығарылды.

Сондай-ақ, қорытынды пленарлық жиында өңірде ерекше қажеттіліктері бар әрбір баланың толыққанды білім алуы мен дамуы бағытындағы мәселелерді ортаға салынды. Ол бойынша сала мамандарының пайымды пікірлерін тыңдалып, ұтымды ұсыныстары назарға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/970811?lang=kk