СҚО ТЖД қызметкерлері су айдындарында мұздың бұзылуы алдында халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

СҚО ТЖД қызметкерлері су айдындарында мұздың бұзылуы алдында халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

15.04.2025 18:40:46 176

СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы және жедел-құтқару жасағы көктем мезгілінде судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар өткізді.

Рейдке қатысушылар Есіл өзенінің қауіпті аймақтарында мұздың еруі және су тасқыны кезінде мұзға шығуға тыйым салатын ескерту белгілерін орнатты. Халыққа су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы хабарландырылды.

Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар барысында Петропавл қаласының балық аулау дүкендерінде келушілермен су айдындарында қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелер жүргізілді, мұзда және су айдындарында мінез-құлық ережелері түсіндіріліп, су айдындарында қауіпсіз болу үшін ұсыныстармен жадынамалар таратылды.

Бұл қарапайым ережелерге бағыну өмірді сақтап қалуға және су айдындарында демалысты қауіпсіз етуге көмектеседі.

СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/970954?lang=kk