Инвесторлардың қызметіне заңсыз кедергілер жасалды
15.04.2025 18:41:08 187Талғар ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 100 млрд теңгеден астам қаржы салған және 1 мың жұмыс орнын ашқан ірі инвесторлардың құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Қадағалау органының анықтауынша, Талғар ауданының жергілікті атқарушы органдары «Evergreen Investment» ЖШС демалыс аймағын салу үшін қажетті рұқсат құжаттарын негізсіз бермеген.
Бұл жағдайға прокуратура жедел әрекет етіп, аудан прокурорының актісі бойынша инвесторға қажетті рұқсаттарды алуына қол жеткізді және кінәлі тұлғаны жауапқа тартты.
Сонымен қатар, «Маревен Фуд» ЖШС банктік шотына жеке сот орындаушысы тарапынан азаматтық іс бойынша талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында заңсыз тиым салу фактісі анықталды.
Талап арызын өтеу үшін жеткілікті қаражаты бар бөлек шоттың болғанына қарамастан, сот орындаушысы компанияның барлық қаражатқа ерікті түрде тиым салып, оның қызметін тоқтатты. Прокуратураның наразылығынан кейін тиым салу алынып, инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.
Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды белсенді түрде сүйемелдеп, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының прокуратурасы жанындағы фронт-офиске әрбір инвестор мен кәсіпкер көмек пен қолдау алу үшін +7-778-169-77-79 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/971076?lang=kk