Қасиетті орындарға барумен ерекше кездесу
15.04.2025 18:41:26 33
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар Департаментінде әйелдер кеңесінің кезекті отырысы ерекше, көшпелі форматта өтті. Іс-шараға қатысушылар қасиетті орындар – Домалақ ана кесенесі мен Ақмешіт үңгіріне рухани-мәдени сапармен барды.
Бұл кездесудің басты мақсаты – әйел қызметкерлер арасындағы бірлікті нығайту, қазіргі заманғы әйелдердің өміріндегі рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ тарихи және қасиетті орындарға құрмет көрсетуді дамыту.
Отырыс соңында әйелдер кеңесі ұжымдағы өзара қарым-қатынасты нығайтуда, сондай-ақ рухани және патриоттық тәрбиеде осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/971199?lang=kk