«Маралды орта мектебі» КММ мектеп директорын тағайындау.

«Маралды орта мектебі» КММ мектеп директорын тағайындау.

15.04.2025 18:41:52 242

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Маралды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Буркитбаева Айнур Тажибаевна 2025 жылғы «07» сәуір күнінен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурс қорытындысы және жасалған еңбек шарты негізінде директор болып тағайындалды. Конкурс қорытындысының нәтижесімен Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев мектеп ұжымын таныстырды. Айнур Тажибаевнаға қызметіне сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/971386?lang=kk