Округ әкімінің халықпен кездесуі
15.04.2025 18:41:57 44Құрметті Ақөзек ауылының тұрғындары!
Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Өмірғалиұлы Жазиев, ағымдағы жылдың 15 сәуірде сағат 11.00-де Ақөзек ауылының № 10 орта мектебінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды мектеп ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, № 1 кабинетінде округ әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» ММ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qonaev-shengeldi/press/news/details/971419?lang=kk