22 наурыз-Наурыз мерекесін ауыл тұрғындары да атап өтті.
15.04.2025 18:42:50 33
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурызды ауыл тұрғындары да дүркіретіп атап өтті. Мұнда тойшыл қауым үшін ақшаңқай киіз үйлер бұрыштамалары бой көтеріп, жастар, аға буын өкілдері ауылдары орын тепті. Жиылған жұртшылық назарына қазақтың салт-дәстүрінен үзінділер көрсетіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Биыл Ұлыстың ұлы күнін атап өту мейрамы Целинный ауылы тұрғындарын ауылымызға тигізген ерен еңбектері үшін, ауыл әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттаумен басталды.
Көтеріңкі көңіл-күймен ауыл тұрғындары ұйымдастырылған әрбір шараға ат салысуда. Наурыз мерекесіне арнап ауыл тұрғындары түрлі тамаша қойылымдар дайындады. Ал ұлттық құндылықтарға қанығамын дегендер үшін бұрыштама киіз үйлер тігілген. Әр шаңыраққа кіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен танысуға болады.
Наурыз мерекесі тағы бір мәрте барша жұртшылықтың басын қосты. Тойшыл қауым бір-бірін мейраммен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-arkalyk-selinnoe/press/news/details/971795?lang=kk