Нашақорлықтың алдын алу – ортақ міндетіміз!

Нашақорлықтың алдын алу – ортақ міндетіміз!

15.04.2025 18:42:53 66

Құрметті Алдабергенов  ауылдық округінің тұрғындары!

Бүгінде нашақорлық – қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Бұл індет тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, тұтас отбасы мен қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Алдабергенов  ауылдық округінің әкімшілігі есірткіге қарсы күрес бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Басты мақсатымыз – жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау және есірткі бизнесіне жол бермеу.

Есіңізде болсын:

Күдікті әрекеттерді байқасаңыз, құқық қорғау органдарына хабар беріңіз.

Балаларыңызбен ашық сөйлесіп, олардың кіммен араласатынына мән беріңіз.

Салауатты өмір салтын бірге насихаттайық!

Бірге күрессек – болашағымызды қорғаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/974767?lang=kk