ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м. а. сапары
15.04.2025 18:43:26 66Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Е.М. Әбілхатин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында және жұмысшы кәсіптер жылы аясында өндірістік жарақат алу жағдайлары болған «Қызылжар су» ЖШС, «Петропавл қаласындағы Маслодел» ЖШС филиалына және «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС сияқты кәсіпорындарға барды.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсартуға қатысты іс-шаралар жоспарымен танысты. Сондай-ақ, өндірістік учаскелерді аралап, жоғарыда аталған кәсіпорындардың ұжымдарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі өзгерістер туралы хабардар етті.
Қазақстанда жұмысшы кәсіптерінің қарқынды дамуын ескере отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету басым міндеттердің біріне айналуда. Сол себепті «ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ-ға жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауына бақылауды күшейту туралы тапсырма берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/972011?lang=kk