«Таза Қазақстан»: «Таза су айдындары» акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан»: «Таза су айдындары» акциясы жалғасуда

15.04.2025 18:43:28 319

Су айдындарын иесіз, тасталған балық аулау торларынан және жағалау аумақтарын тазартуға бағытталған жыл сайынғы  «Таза су айдындары»  акциясы еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде  өтуде.

Аталмыш іс-шаралар өңірлердің климаттық ерекшеліктері мен ауа райы жағдайларын ескере отырып, 15 наурыздан 24 сәуірге дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза су айдындары» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуды.

Барлық қазақстандықтарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Акция қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/972017?lang=kk