Олжас Бектенов курорттық аймақтар мен табиғи парктердің бас жоспарларын интеграциялау арқылы туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құруды тапсырды

Олжас Бектенов курорттық аймақтар мен табиғи парктердің бас жоспарларын интеграциялау арқылы туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құруды тапсырды

15.04.2025 18:44:17 319

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құрудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда нарықтың барлық қатысушысын біріктіре отырып, туристерге сапалы әрі сенімді қызметтерге қол жеткізуге кепілдік беретін TravelStan қосымшасын құру жұмыстатрын жалғастыру қажет.

Өткен жылы Your tourist pass жобасы басталды. Бұл құрал QR-кодты сканерлеу арқылы ұлттық туристік порталға, eQonaq көші-қон сервисіне, такси қызметіне және басқа да пайдалы ресурстарға бірыңғай қол жеткізуді қамтамасыз етеді.  Бұған қоса, әлемнің көптеген елдерінде кеңінен танымал Tax Free пилоттық жобасы да жақсы нәтиже көрсетіп отырғаны атап өтілді.

Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды.

«Курорттық аймақтар мен табиғи парктердің бас жоспарларын цифрландыруға ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ ұлттық туристік порталға кіруге мүмкіндік беретін QR-кодтарды әуежайларда, вокзалдар мен шекара бекеттерінде, туристер көп жиналатын жерлерде орналастыру қажет»,— деп атап өтті Премьер-министр.

@KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972262?lang=kk