Алматыда жасөспірімдер қылмысының алдын алу және отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша ведомствоаралық кеңес өтті
15.04.2025 18:44:33 22Қала прокурорының орынбасары Асхат Шәріпов полиция департаментінің, жергілікті полиция қызметінің, білім, қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның және олардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен ведомствоаралық жедел кеңес өткізді.
Биыл Алматы қаласы бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 58 іс тіркелді, кәмелетке толмағандар 83 қылмыс кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты тағы 70 қылмыс жасалды.
Іс-шара барысында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және сотқа дейінгі тергеу сапасының проблемалық мәселелері талқыланды.
Аталған бағыттар бойынша ұсынымдар мен практикалық шешімдер әзірленді.
Кеңесте бірлескен алдын алу шараларын іске асырудың, құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы азаматтарды құқықтық ағартудың және «Заң және тәртіп» іргелі қағидатын іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Қадағалау органы осы бағыттағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылды.
Алматы қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/972337?lang=kk