«Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында
15.04.2025 18:45:08 187
ағымдағы жылдың 7 сәуірі «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында ауыл тұрғындарына абаттандыру ережелері жазылған парақшалар таратылды. «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға, елдегі және әрбір елді мекендегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұлттық экологиялық акция.
Акция аясында қалалардағы, ауылдардағы және табиғи аумақтардағы қоқыстарды тазарту мақсатында жаппай сенбіліктер ұйымдастырылды. Акцияға қатысушылар саябақтарды, алаңдарды, өзен-көл жағаларын, ормандарды тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан тазартуда. Мемлекеттік және жекеменшік аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Акция мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге, мемлекеттік қызметкерлерден бизнес өкілдеріне дейін қоғамның барлық қабаттарының белсенді қатысуына арналған.
Сіздерді «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-novopavlov/press/news/details/972540?lang=kk