ӨКІЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ "ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ 5547 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

ӨКІЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ "ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ 5547 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

15.04.2025 18:45:10 198

Әскери қызметшілермен өткізген кездесуде заңдылықты және құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды. Кездесу барысында, заңдар мен нормативтік актілердің әскери қызметшілердің күнделікті қызметіне және олардың міндеттеріне тікелей әсер ететінін түсіндірілді.

Өкіл қоғамдық ұйым басшысына бірлескен өзара іс-қимылға даярлығын білдіріп, сарбаздардың құқықтарын қорғау бойынша түрлі іс-шараларға бірлесе мұрындық болуға шақырды.

Сонымен қатар, өкіл Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл, Ұлттық орталық, ұлттық орталықтың зерттеулері туралы мағлұмат беріп өтті. Адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау тетігі және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесудің мақсаты — заңдылықты сақтау маңыздылығын дұрыс түсініп, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери қызметшілер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/972551?lang=kk