Достық ауылында Наурыз мерекесі аталып өтті

Достық ауылында Наурыз мерекесі аталып өтті

15.04.2025 18:45:13 231

⚜️Достық ауылында Наурыз мерекесі атылып өтті. Осыған орай «Теміржолшылар» саябағында «Армысың-әз Наурыз» атты мерекелік іс-шарасы аталып өтті.
⚜️Көктемнің шуақты күндерінен үміт күттіретін Ұлыстың ұлы күнінде ауыл әкімі Е.Енсебаев ауыл тұрғындары мен қонақтарын әз Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, алғыс хаттар табысталып, әр шаңыраққа құт-береке мен молшылық тіледі.
⚜️Ауылымыздың тұрғындары мен қонақтарына әр мекеменің басшылары киіз үй тігіп, қазақтың ұлттық тағамдары мен «Наурыз көже» тарту етіп, ақ дастархан жайылды.
⚜️Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен түрлі көрініс көрсетіп, халық назарына паш етті.
⚜️Спорттық ұлттық ойындар ойнатылып, алғыс хат, жүлделерімен табысталды.
⚜️Тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз қашанда іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Мереке соңы Достық ауылының жастар өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/972556?lang=kk