Қазақстан мен Тәжікстан атқарушылық өндіріс саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады
15.04.2025 18:45:49 154
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі делегациясымен кездесті.
Кездесудің барысында Тәжікстан өкілдері қазақстандық атқарушылық құжаттарды орындау жүйесімен, соның ішінде жеке сот орындаушыларының қызметімен және осы саласындағы цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен танысты.
Тәжікстан өкілдері Қазақстандағы мәжбүрлеп орындату тәжірибесімен және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы мәліметтер алды.
Тараптар атқарушылық өндіріс саласындағы заманауи сын-тегеуріндерді талқылап, құқық қолдану тәжірибесімен және орындау рәсімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерімен алмасты.
Тәжік делегациясы қабылдаушы тарапқа ашықтық пен табысты ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Әділет министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі арасында екіжақты диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл 2024 жылғы тамызда қол қойылған атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберіндегі бірлескен бастамаларды жалғастыруға бағытталған. Аталған бастамалар екі елде атқарушылық іс жүргізу жүйелерін жетілдіруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/972716?lang=kk