Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы
15.04.2025 18:45:59 209
ШҚО ТЖД жеке құрамдарымен «АМАНАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облысы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшесі Гүлмира Байркеновамен кездесу өтті. Іс-шарада аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша, азаматтық қорғау органы қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сақтау нәтижелері талқыланды.
Сыбайлас жемқорлық қоғамды бүлдіретіні туралы көп айтылды. Қазіргі таңда профилактикалық жұмыстар өнімді деңгейде. Облыста жүздеген іс-шаралар өткізіледі, роликтер мен хабарлар түсіріледі, осындай жұмыстар өзінің нәтижелерін береді. ШҚО ТЖД бүгінгі таңда адалдыққа бағытталған 14 лекция, 10 дөңгелек үстел өткізілді.
Осы сияқты іс-шаралар ШҚО ТЖД қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті ынталандырады, азаматтық жауапкершілікті және құқықтық өзін-өзі тануды тәрбиелейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/972776?lang=kk