Біріккен тұрақты комиссия отырысы

Біріккен тұрақты комиссия отырысы

15.04.2025 18:46:02 44

Тұрақты комиссия отырысын Махамбет аудандық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, депутаттық этика, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы И.Муханбеталиев ашып жүргізді. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты. Күн тәртібінде Аудан бойынша 2025 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғану жұмыстары туралы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі туралымәселелері бойынша бөлім басшыларына сұрақтар қойылып , жан-жақты талқыланып,сессияға бекітуге жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mahambet-district/press/news/details/972790?lang=kk