Жетісу облысының статистика департаментінің қатысуымен семинар – кеңес өтті
15.04.2025 18:46:13 264
Қаратал ауданының әкімшілігінде 08 сәуірінде 2025 жылы Республикалық ауыл шаруашылығының санағы өтуіне байланысты Жетісу облысының статистика департаментінің қатысуымен семинар – кеңес өтті.
Семинарға ауданымыздың ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, аудандық статистика бөлімі, аудандық малдәрігерлік станция, аудандық ішкі істер, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету орталығы, қала, ауыл әкімшілік қызметкерлері толықтай қатысып, қойылатын талаптармен, сұрақтарға пікір алмасты.
Сұрақтар мен пікір алмасу кезінде аудан әкімінің орынбасары С. Усенов семинарды жүргізіп, облыстық статистикалық департаменті басшысының орынбасары Д. Молдагуловаға қойылатын сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, семинар жоғары деңгейде өтіп, дайындықтар жұмыстарының маусым айынан басталатындығы хабарланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/972832?lang=kk