«Таза Қазақстан»: «Жасыл аула» акциясы аясында 17 мың ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан»: «Жасыл аула» акциясы аясында 17 мың ағаш отырғызылды

15.04.2025 18:46:49 363

Экологиялық акция еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде өткізілді. Іс-шара көппәтерлі үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға бағытталған. Өз аулаларының экологиялық және эстетикалық жағдайын жақсарту мақсатында 50 мыңға жуық адам шықты. Бұл көпқабатты үйлердің тұрғындары, ТКШ өкілдері және еріктілер.

Акция аясында 17 мыңнан астам ағаш, бұта және сәндік өсімдіктер отырғызылды, сондай-ақ орындықтар, гүлзарлар мен сәндік элементтер орнатылды немесе жаңартылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл аула» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/973004?lang=kk