АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ХV-ШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ХV-ШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

15.04.2025 18:47:01 231

ҰАО-ның бас директоры М.Өмірханов «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-н дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» баяндама жасады.

Бүгінгі күні ҰАО: сынақ және калибрлеу бойынша ILAC MRA бірлесіп тану туралы келісіміне қол қоюшы;

өнім бойынша IAF MLA бірлесіп тану туралы көптарапты келісімнің қол қоюшысы;

өнім бойынша РАС MLA  көптарапты тану туралы келісімінің қол қоюшысы;

APLAC-қа толыққанды мүше және сынақ және калибрлі зертханалар бойынша APLACMRA келісімінің қол қоюшысы болып табылады.

ҰАО 214 СЗ-на ILAC MRA бірлескен белгісін пайдалану құқығын берді, олар ҚР-ның заңды тұлғаларына 195 127 сынақ хаттамаларын берді, оның ішінде 4225 сынақ хаттамалары ҚР-нан тыс жерлерге берілді. Хаттамалар негізінен ауыл шаруашылығы өнімдеріне, астық өніміне, дәрілік заттарға, фармацевтикалық өнімге және т.б. берілді.

68 СРО-ға IAF MLA бірлескен белгісін пайдалану құқығы берілді, олар 13 404 IAF MLA бірлескен белгісі бар сертификатын берді, оның 363-і ҚР-нан тыс жерлерге берілді.

17 МЖ СРО-на IAF MLA бірлескен белгісін пайдалану құқығы берілді, олар 82 IAF MLA бірлескен белгісі бар сертификат берді.

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚРЗ-на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «ҰАО» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Серік Құрманғалиев баяндама жасады.

Баяндама  Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу аккредиттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігінен екендігі, аккредиттеу рәсімдерін жеңілдету жолымен бизнес-қауымдастығына түсетін жүктемені төмендету, аккредиттеу саласындағы жаңа халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қызметтің жаңа бағыттарын игеру және дамытуға байланысты   екендігі сөз болды.

Аккредиттеу жөніндегі Кеңес жұмысына «КОАС» ЗТБ төрағасы Дәулет Сүтемгенов, «Қазақстан Ұлттық индустриалды палатасы» БКП ЗТБ басқарма төрағасы Юрий Ципурит, Астана қ. «Әділет» тұтынушылар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Тұрсын Жағпарова, «Техникалық реттеу және метрология жүйесі қатысушыларының қазақстандық бірлестігі» ЗТБ-ның атқарушы директоры Олег Савеленко. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Садуақасов қатысып сөз сөйледі.

Кеңес отырысын қорытындылаған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев «ҰАО» ЖШС-не «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-н дамытудың стратегиялық жоспарын пысықтауды, сондай-ақ Аккредиттеу жөніндегі Кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды ескере отырып, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Отырыс барысында Аккредиттеу жөніндегі Кеңес құрамы бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23233?lang=kk