Жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту
15.04.2025 18:47:02 231Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Тараз қаласы бойынша Мансап орталығы Тараз қаласының жұмыссыз тұрғындарын қысқа мерзімді кәсіптік оқуға шақырады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға техникалық және қызмет көрсету оқу мамандықтары қарастырылған. Сондай-ақ 3 ай білім алып, ай сайын 32 681 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Сонымен қатар, оқуды аяқтаған мамандықпен тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Оқу алдағы уақытта басталады.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚУ ТІЗІМІ:
1. Тырнақ әрлеуші (Маникюр)
2.Массаж
3.Шаштараз (Парикмахер)
4. Бет әрлеуші (Визажист)
5. Кассир
6.Аспаз (Повар)
7. Тігінші (Швея)
8. Оператор ЭВМ
9. Жиһаз құрастырушы (Сборщик мебели)
10. Электромонтер
11. Дәнекерлеуші (Сварщик)
12. Автомобиль жөндеу слесарі (Слесарь по ремонту автомобилей)
13. Кран машинисті (Машинист кранов).
Мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 6 кабинет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/973069?lang=kk