ДЕПАРТАМЕНТ: БАСТЫ МАҚСАТ - ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
15.04.2025 18:47:12 22
- ДЕПАРТАМЕНТ: БАСТЫ МАҚСАТ - ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
- 2025 жылдың 3 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Ержанов Бекжан Ержанұлы Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «С.Абдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
- Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Бекжан Ержанұлы «С.Абдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат» КММ-нің еңбек ұжымындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты түсіндірме жұмыстарын өткізді.
- Жиын соңында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Бекжан Ержанұлы жұмыскерлер мен жұмыс берушілер тарапынан қойылған еңбек қатынастарына қатысты жеке сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973086?lang=kk